375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жаңа жыл қарсаңында ел билігінде жаңа тағайындаулар болды

  • 983
  • UPD: 20:08, 26.12.2018

Елбасының Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қайрат Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.

Ал еліміздің Үкімет басшысының орынбасары қызметіндегі Асқар Жұмағалиев енді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары әрі Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы болған Жеңіс Қасымбек Президент Жарлығымен функциялары мен өкілеттіктері өзгерген министрліктің жаңа құрылымына сай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Телеканал Хабар 24