377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ұлттық банк еліміздің қаржы жүйесін нығайтуды жалғастырады

  • 806
  • UPD: 08:29, 02.01.2019

Қазақстанның Ұлттық банкі осы жылы да еліміздің қаржы жүйесін нығайту жолындағы жұмыстарды жалғастырады. Бірінші қаңтардан бастап Ұлттық банк осы банк секторында тәуекелдерге бейімделген бақылау жүйесін енгізді. Жаңашылдықтың негізгі ерекшеліктері қандай? 

Қазіргі уақытта Қазақстанда 28 коммерциялық банк бар. Былтыр олардың саны 33 болатын. Кейбір қаржы институттары жұмысын толық тоқтатты. Ал екі ірі банк бірікті. Биыл Ұлттық банк тәуекел мәселесіне ерекше көңіл бөлетін болады.  

Данияр Нұрманов, ҚР ҰБ ЕДБ қадағалау департаментінің өкілі:

- Бақылау процесі кезінде біз қаржы ұйымының Қазақстанның заң талаптарын қаншалықты сақтап отырғанын толық зерттейміз. Бизнес-модельдеріне сараптама жасаймыз. Корпоративті басқарудағы тәуекелдер бағаланады. Қиын жағдай туындаған кезде оны шешу үшін капиталдары жеткілікті ме? Бұл да басты назарда болады. Осындай бақылау тетіктері мәселені ушықтырмай, ерте кезде реттеуге мүмкіндік береді.

Басқаша айтсақ, реттеуші екінші деңгейлі банктердің клиенттері қарыздарын өтей алмаған жағдайда банк өз қаржысы есебінен несиені жаба ала ма, осы жайында да сараптама жасайды. 

Данияр Нұрманов, ҚР ҰБ ЕДБ қадағалау департаментінің өкілі:

- Міндеттемелерді мәжбүрлі қайта құрылымдау қиындыққа тап болған немесе мүлдем жағдайы ауыр төлем қабілеті жоқ банктерге қатысты қолданылады. Осы құрал ірі кредиторлар мен кепілдендірілмеген депозитарийлерге капиталын немесе капиталының бір бөлігін қайтарып алуға және банк абыройын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тәуекелдерге бейімделген бақылау жүйесі аясында Ұлттық банк заң шеңберінде қаржы институттарының топ-менеджментін тексеру құқына ие болып отыр.    

Данияр Нұрманов, ҚР ҰБ ЕДБ қадағалау департаментінің өкілі: 

- Ұлттық банк туралы заңда бұл механизмнің ережелері толық жазылған. Ол жариялы түрде жүреді. Және де уәкілетті органның шешіміне байланысты шағымдануға қаржы институттарында жеткілікті уақыт болады

Мұндай қадағалау екінші деңгейлі банк топ-менеджерлерінің бұрыс іс-әрекеттерінің алдын алуда тиімді. Сонымен қатар тәуекелдерді басқаруды бағалау және банктердің ішкі бақылау жүйесінің қағидалары өзгереді. Сарапшылардың пікірінше, бұл тетіктер келеңсіз жәйттерден сақтануға және мемлекет шығынын азайтуға мүмкіндік береді.    

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Владимир Бовкис, Мұхит Құдықбаев

Телеканал Хабар 24