375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

  • 535
  • UPD: 23:20, 17.01.2019

Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге бүгін сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Екі аптаға созылған сот процесінің соңғы күнінде судья Кеңшілік Әбілдинов  Арман Құдайбергеновты, Нұралы Қиясовты және Жанар Толыбаеваны бірнеше жылға түрмеге жабу туралы шешімді оқыды.

Күрмеуі көп сот отырысы екі аптаға жалғасты. Осы уақыт аралығында ондаған куәгерлер мен айыпталушылардан сұрақ-жауапқа алынды. Ал 3 күн бұрын сотталушы Нұралы Қиясов Денис Тенді пышақтағанын мойындады. Бұны тергеу барысындағы деректер де растап отыр. Ол өз кінәсін толық мойындағанымен, бұл қылмыстың алдын ала жоспарланбағанын айтты. Ал кеше тараптардың уәжін тыңдау барысында айыптаушы тарап Қиясов пен Құдайбергеновті 20 жылға, ал осы іске қатысы бар Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрады. Дегенмен Денис Теннің анасы Оксана Тен бұған келіспей отыр. Оның пікірінше, бұл істе арнайы тапсырыстың сипаты бар. Дегенмен арыз қабылданған жоқ.

Ал осы істі қараған судья Кеңшілік Әбілдинов сотталушыларға үкім шығарды.

Осылайша Құдайбергенов пен Қиясов 18 жылға, Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Авторы: Алмас Сәдуақас

Телеканал Хабар 24