389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстан Зимбабвеге ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселесін қарастырмақ

  • 858
  • UPD: 20:48, 21.01.2019

Қазақстан бидай мен етін енді алыстағы Африкаға да тасымалдайды. Дұрысы, экспортты үдетеді.

Қазақстан мен Зимбабве арасында арнайы келісім бекіді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара құрлықтағы осы мемлекеттің Президенті бүгін біздің елге ресми сапармен келді. Эммерсон Мнангагваны Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада салтанатты жағдайда қарсы алды. Екі жақ шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Ақордадағы басқосу әуелі осылай басталды. Сап түзеген қарауыл қара құрлықтан жеткен меймандарға құрмет көрсетті. Кейін қос елдің әнұраны орындалды.

Зимбабве Президенті біздің елге ресми сапармен алғаш рет келіп отыр. Тараптар шағын және кеңейтілген құрамда отырыс өткізді. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 27 жыл бұрын орнаған. Бірақ байланысты бекіте түсу бертінге дейін мүмкін болмады. Қос мемлекеттің арасы алшақ, көлік қатынасы қиын. Сөйте тұра, екі елдің тауар айналымы өткен жылы 637 мың долларды құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,7% артық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Наряду с этим, имеются перспективы для налаживания отношений на отдельных направлениях. Наши страны в некоторой степени похожи. Зимбабве, как и Казахстан, очень богат своими недрами. Наше сельское хозяйство также развивается аналогичным образом. Казахстан готов рассмотреть вопросы сотрудничества и обмена опытом в горнодобывающей промышленности, поставки в Зимбабве продукции сельского хозяйства.

Ауыл шаруашылығы саласындағы байланысты дамытудан бөлек, тараптар тау-кен өнеркәсібін ілгерілету бойынша екіжақты ынтымақтастық орнатуға келісті. Өйткені қойнауы құтқа толы мемлекет Қазақстанның барлық бастамаларына қашан да қолдау көрсетіп келеді.

Зимбабве – кенжелеп қалған ел. Сондықтан адымын алшаң басқан мемлекеттермен қоян-қолтық қарым-қатынас орнатқысы келеді. Осыған дейін Оңтүстік Африка елінің басшысы Беларусь, Ресей және Әзірбайжан президенттерімен жолыққан.

Қаржы қыспағынан Қара құрлықтағы шағын елдің экономикасы шатқаяқтап тұр. Жиырма жылдан бері түрлі санкциялардың бұғауынан босай алмауда. Елде тұрмысын тіктей алмай жүргендер жетеді. Сондықтан Зимбабвенің былтыр сайланған Президенті елдің даму бағытына өзгеріс әкелгісі келеді.

Эммерсон Мнангагва - Қазақстанның ұлттық экономика қалыптастырудағы қарымына қайран қалып отыр. Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен цифрлық бағдарламаларды жүзеге асырудағы біздің тәжірибемізді толық меңгеруді көздегенін айтады.

Эммерсон Мнангагва, Зимбабве Республикасының Президенті:

- Зимбабве қазір Қазақстан осыдан 20 жыл қандай болды, сондай күйді бастан кешуде. Біз сіздерден қысқа ғана мерзімде экономиканы қалай дамытуға болатынын үйренуіміз керек. Мемлекетті ілгерілетудің жолын дұрыс таңдаған елге үнемі сүйсіне қараймыз. Сондықтан Қазақстан сынды қуатты мемлекетке айналғымыз келеді.

Қазақстан мен Зимбабвенің көздегені бір. Ол – дамудың даңғыл жолы. Мемлекет басшылары кездесуді түйіндеп, экономиканың барлық саласында өзара ынтымақтастық болатынын айтты.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Жандос Битабаров

Телеканал Хабар 24