378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Мемлекет басшысы Қостанай және Түркістан облыстарының әкімдерін қабылдады

  • 539
  • UPD: 23:19, 29.01.2019

Қостанай облысының да әкімі Елбасына есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Архимед Мұхамбетов өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысын сөз етті. Аймақта өнеркәсіп көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,3, ал құрылыс 22,3 процентке өскен. Облыста былтыр шамамен 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қуаңшылыққа қарамастан шаруалар 5 млн тоннадан артық астық жинаған. Әкім есебін мұқият тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалардың уақтылы орындалуын назарда ұстауды тапсырды.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Жалпы өңірлік өнімнің өсімі жыл бойынша ең кемі 5 процентке өседі деп болжамдап отырмыз. Өйткені қаңтар-қыркүйек айларының көрсеткіші бойынша 8,9 пайызға өсім көрсетті.

Түркістанда да құрылыс қарқыны үдей түскен. Бүгін Мемлекет басшысына есеп берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев: «былтыр аймақта баспана құрылысын дамытуға 37,5 млрд теңге бөлінді», – деді. Бұл қомақты қаржының көп бөлігі құрылыс компанияларына тиесілі. Өткен жылы өңірде 2 мың 949 нысан қолданысқа берілген екен. Оның 437-сі әлеуметтік мақсаттағы кешендер. Одан бөлек облыс басшысы 22 бөбекжай мен 25 мектептің салынғанын хабарлады.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

- Қыасқа уақытта, 2 айдың ішінде әкімшілік, басқармаларды, департаменттерді көшіріп болдық. Содан кейін өзіңіздің 29 қыркүйектегі сапарыңыз кезінде әкімшілік-әскерлік орталығын белгілеп бердіңіз. Одан кейін жұмысқа қызу кірісіп кеттік. 15 қазанда негізгі салынатын әлеуметтік ғимараттарға конкурс жарияланып, 25 қарашада оның нәтижесі шықты. 32 мемлекет қатысты.

Қазір облыста 1 мың 475 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 818-інің жағдайы жақсы. 490 баспанаға күрделі жөндеу қажет. Тағы 18 үйдің іргесі сөгіліп, қабырғасы қақырап тұр. Ал 149 үйге ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Былтыр Түркістан облысындағы өндіріс орындары 453 млрд теңгенің өнімін өндірген. Тау-кен саласы мен өңдеу өнеркәсібінде ілгерілеу бар. Ауыл шаруашлығы саласы да 5,4 прцентке өсім көрсетіпті. Облыста шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны 200 мың адамнан асқан.        

Телеканал Хабар 24