Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 106
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Елбасы Конституциялық кеңеске өтініш беруіне қатысты мәлімдеме жасады

  • 514
  • UPD: 17:27, 05.02.2019

Мемлекет басшысы Конституциялық кеңеске өтініш беруіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруіне қатысты мәлімдемесі

1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған сәттен бастап осы күнге дейін Конституциялық кеңеске 220 өтініш, соның ішінде Президенттен 22 өтініш жолданды.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы» заңға сәйкес, Конституциялық кеңес Конституцияға ресми түсіндірме беруге құқылы. Заңнамада олқылықтардың орын алуы – болып тұратын жағдай.

Мысалы, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары айқындалмаған, сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар. Бұл аспектілердің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Конституциялық кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым.

Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Бірақ бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңымызда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек.

Еске салайық, мұның алдында Конституциялық кеңестің Президенттің өтінішін қабылдағаны жайлы хабарланған болатын. «Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде», - делінген еді ресми сайтта.

 

Телеканал Хабар 24