378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі

  • 421
  • UPD: 22:42, 10.02.2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі yandex.ua

11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде қар жауады, тек батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.  Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.   

Телеканал Хабар 24