378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстандықтар сапасыз дәрі-дәрмекке байланысты қайда шағым түсіре алады?

  • 446
  • UPD: 14:28, 11.02.2019
Қазақстандықтар сапасыз дәрі-дәрмекке байланысты қайда шағым түсіре алады? inform.kz

Өткен жылы қазақстандықтар дәріханалардан сатып алған сапасыз дәрі-дәрмектердің жанама әсер бергені жайлы 3200 шағым түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов бұл мәселе туралы кеңірек айтып берді. Оның айтуынша, өткен жылы да ұлттық орталық елге кіргізілгелі тұрған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізген. Сараптама барысында кейбір тасымалдаушылар дәрі-дәрмектерін тіркеуден бас тартқан. Осыған байланысты ол өнімдер сапасыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар деп танылып, Қазақстанның нарығына кіргізілмеген.

«Отандық денсаулық саласында цифрлық технологияларды енгізу міндеттемесіне сәйкес, 2018 жылы ұлттық орталық дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу үшін жасанды интеллектті қолдану бойынша пилоттық жобаны бастады. Бұл қадам сараптама жүргізу уақытын едәуір қысқартады. Қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау жұмысын трансформациялау процесі басталып кетті», - дейді ол.

Сонымен бірге, Қанат Ержановтың айтуына қарағанда, ұлттық орталықтың 2018 жылы жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, Қазақстанда өткен жылы дәрілік заттардың жанама әсер бергені туралы 3200 хабарлама келіп түскен.

«Осы шағымдардың ізімен медициналық препараттар толығымен тәркіленді. Бізге азаматтар әртүрлі жағдайлармен хабарласады. Шағым түскен медициналық препараттарды біз міндетті түрде зертханада тексереміз. Егер қабылдаған дәрілік заттарға байланысты қандай да бір шағымдар болса, біздің сайт арқылы ұлттық орталық қызметкерлерімен байланысқа шығуға болады», - деді Қанат Ержанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ержанов Қазақстанға жеткізілетін шетелдік дәрі-дәрмектердің сапасы қалай қадағаланып жатқанын айтып берген болатын.

Телеканал Хабар 24