378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

  • 451
  • UPD: 23:31, 13.02.2019

Шымкентте былтыр 17 мың жаңа жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 6,6 процентке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Президентке есеп беру барысында мәлімдеді. Шаһар басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштері оң серпін бергенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев өңір басшылары халықты әлеуметтік қолдауды мықтап қолға алу керектігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау, тарифтерді реттеу, жолдардың сапасы, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық қауіпсіздік, ауызсумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік пен коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмыстары жөніндегі мәселелерді әрдайым бақылауда ұстау керектігін айтты. «Бұл мәселелер Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ерекше бақылауында», – деді Президент.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

- Сіздің 2018 жылы 19 маусымдағы тарихи жарлығыңызбен Шымкент қаласына респбуликалық мәртебе берілді. Бұл шешімізді қала халқы үлкен қуанышпен, ыстық ықыласпен қабылдады. Өзіңіздің берген тапсырмаңызға сәйкес, Шымкент қаласында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер оң динамикасын алды. Өнеркәсіп көлемі 4,5 пайыз болды. Инвестиция көлемі 2,5 есе көбейді. Отандық және шетелдік инвесторлар қызығушылық білдіріп, біздің қалаға біраз нысандарды саламыз деген ойларымен келіп жатыр. Құрылыс көлемі 2 есеге өсті. Шағын және орта бизнестің үлесі 31 пайызға етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алаңдарды жөндеу, аялдамалар, көшелер, су, электр, ПИК жұмысы адамдардың шаруасы ғой. Соған көңіл бөлу керек.

Телеканал Хабар 24