Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 106
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Н.Назарбаев Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуымен құттықтады

  • 1165
  • UPD: 23:50, 13.02.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлды қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Ауған соғысының 30 жылдығы сөз болды. Президент Бақытбек Смағұлға ардагерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ауғандағы соғыстың аяқталуына 30 жыл толып отыр ертең. Құттықтап, барлығына сәлем айтамын. Өзің соған қатыстың, келгелі бері қарай жұмыс істеп келе жатырсың, тәуелсіздіктің құрылысына атсалысып келе жатырсың. Депутат болдың. Ауғандардың, ардагерлердің барлығының басын қосып жүрсің. Көп шаруа істеп жүрсің. «Алтын ғасыр» деген кітабыңды жібердің, ішінде барлығын жазыпсың. Кеше ғана полковник Керімбаев марқұм болып кетті, ардагерлердің біреуі еді. Топырағы торқа болсын.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сондай жағдай болды. Біз осы 30 жылдыққа орай Астана қаласында барша ардагерлердің төрағаларын жинап, бас қосып, сол атаулы күнді атап өтейік. Соғыстың өрті шарпымасын еш жерді. Өмір көрген азаматтар осы қазақ елінің өркендегенін өзгеге өнеге етсін, жас сарбаз бастамасымен азаматтардың барлығы іріктеліп алынған. Өкінішке қарай, «Қара майор» дүние салғанан кейін, біз сол жерлеу рәсіміне қатысамыз, 15 ақпан күні барлық іс-шаралар жоспар бойынша өтеді. Барлығы да сол мерекелік төс белгімен марапатталып, осы мемлекет мүддесінің саясатын ұстанып, сондай жағдайда бастама бастадық.   

Телеканал Хабар 24