378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ресейде қанша қазақстандық білім алуда?

  • 312
Ресейде қанша қазақстандық білім алуда?

Ресейдегі жоғарғы оқу орындарында 65 мың қазақстандық студент білім алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік зерттеу орталығының мәліметі бойынша, елде оқып жүрген шетел жастарының арасында қазақстандық студенттер бірінші орында тұр. Олардың көбі Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы мен Томскі қалаларындағы оқу орындарында білім алады. Белгілі болғандай, қазақстандық жастардың 40 пайызы гуманитарлық мамандықты таңдаған, ал 25 пайызы медицина мен фармацевтика саласында оқуды жөн санаған. Ал соңғы жылдары талапкерлер IT, нано мен биотехнология және робототехника мамандығын жиі таңдайтын көрінеді.

Телеканал Хабар 24