Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 94
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Nurintech инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 362
  • UPD: 15:44, 10.01.2019

Nurintech инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана хаб халықаралық IT-стартаптар технопаркінде өткен салтанатты жиында жеңімпаз деп танылған үш жобаның авторына 1 млн теңгеден қаржылай сыйлық табыс етілді. Олар - қаладағы кептелісті азайту үшін көлікті жалға алуға арналған мобильдік қосымшасын ұсынған Нұрсұлтан Пірімбетов, отандық медициналық имплантанттардың үлгісін ойлап тапқан Шығыс Қазақстан облысының жас ғалымдар тобы және туризмді дамытуға бағытталған қосымшаны ойлап шығарған алматылық оқушы Любовь Дудченко. Жалпы жас өнертапқыштар байқауының жүлде қоры 5 млн теңгені құрады. Шараға қатысуға мыңнан астам жас өтініш түскен. Оның отызы шешуші сынға жолдама алды. Комиссия мүшелері экология, робот техникасы, баламалы қуат көздері, IT, медицина ,фармацевтика, жол қозғалысының қауіпсіздігі салаларындағы жобаларды  үздік деп таныды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

- Біздің Nurintech байқауымыз, жобамыз Елбасының тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Осы байқаудың негізгі мақсаты - талантты, болашағынан үлкен үміт күтетін, ғылым мен инновацияның айналасында жұмыс істеп жүрген жастарымызды қолдауға, олардың болашағын ашып беруге арналғанбайқауымыз.

Нұрсұлтан Пірімбетов, байқау жеңімпазы:

- Мобильдік қосымша. Қазір менің қолымда жоба бар. Үлкен қалаларда кептеліс болмас үшін әрбір қазақстандық машинаны қолданған кезде есігінің алдында немесе жұмыста пайдаланылмай бос тұрады. Ал каршеринг тоқтамай жүреді. Бір адам қойды ма машинаны, келесі адам айдап кетеді. Көлік кептелісі болайды және Еуро-4 стандартына сәйкес жаңа машиналар Қазақстанда болады.

Телеканал Хабар 24