378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Педагог мәртебесі туралы заң маусым айында қабылдануы мүмкін

  • 435
  • UPD: 21:34, 15.01.2019

Педагог мәртебесі туралы заң осы жылдың маусымында қабылдануы мүмкін. Қазір құжат мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің келісімінен өтіп жатыр.

Бұған қоса мұғалімдерден ұсыныс қабылдау жұмысы да жалғаса береді. Жалпы,заң жобасы ақпан айында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізіледі. Оған дейін Үкіметте талқыға түседі. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрінің орынбсары Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Оның айтуынша, заң жобасымен 60-тан астам мұғалім жұмыс істеді. Олардың қатарында барлық санаттағы ұстаздар болды. Ал келіп түскен ұсыныстар саны 8 мыңнан асып жығылады.

Телеканал Хабар 24