Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 94
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

«Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына қатысты атыраулық ұстаздар пікір білдірді

  • 329
  • UPD: 09:47, 18.01.2019
«Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына қатысты атыраулық ұстаздар пікір білдірді

«Педагог мәртбесі туралы» Заң жобасына енгізілмек ұсыныстар мен бастамалар атыраулық ұстаздардың көкейлерінде жүрген ойларын тап басты.

Әсіресе, мұғалімдерді баспанамен қамтудағы жеңілдіктер көп көңілінен шықты. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылдық жерге табан тіреген жас мамандар пәтермен қамтылып, оларға материалдық қолдау көрсетіледі. Бірақ жастардың арасында алыс ауылдарда еңбек етуге деген құлшыныс аз. «Сол себепті, ауыл мұғалімінің статусын заңмен бекітіп, оларға қолайлы жағдай туғызу қажет», - дейді ұстаздар.

Данияр Сәйпеденов, мұғалім:

– Бүгінгі талқыланып жатқан заң жобасында ауыл мектептеріндегі жас мамандарды қолдауға деген ұсыныс қуантты. Менің Исатай ауданында Нәубетов атындағы орта мектепте жұмыс істегініме биыл он жыл уақыт болды. Менің артымнан келіп жатқан жастар өте сирек десем болады. Ауыл мұғалімінің мәртебесін көтеру мақсатында осындай жастарды көптеп тартса деген ұсынысым бар.

Телеканал Хабар 24