378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қарағанды облысында 1825 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырады

  • 346
  • UPD: 16:58, 18.01.2019

Қарағанды облысында екі күн ішінде 1825 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырады.

Оның басым бөлігі, яғни 45 проценті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде бақ сынамақ. Дәл қазір мұнда 360 түлек емтиханнан өтіп жатыр.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

– Қарағандыда ұлттық бірыңғай тестілеу ойдағыдай өтіп жатыр, оқушылардың көңіл-күйі жақсы. Биыл облыс бойынша мектеп бітіретін түлектердің саны 7 мыңнан асқанмен, алғашқы емтиханды тек 2 мыңға жуық оқушы тапсыруда. Қазір емтихан 4 университет пен 4 мектепте өтуде. Оның нәтижесі бойынша, шекті балл жинаған түлектер жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түсе алады. Тестілеу 5 пән бойынша өтуде. Оқушылар 120 сұраққа жауап беруі тиіс.

Алғашқы емтиханнан сүрінгендер еш алаңдамаса болады. Себебі биыл Ұлттық бірыңғай тестті 4 рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Бірақ мемлекеттік білім гранттары маусым айында өтетін емтиханның нәтижесі бойынша ғана беріледі. Қалғандарында ақылы оқуға түсуге сертификат аласыз. Бұл – ең біріншіден, оқушыға өз білімін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Әрі талапкер жазда өтетін негізгі емтиханға психологиялық тұрғыдан дайын болады. Айта кетейік, өткен жылы 5 мың түлек ұлттық біріңғай тестілеуден өтіп, соның 700-і шекті балл жинай алмапты.

Телеканал Хабар 24