378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Семейдегі медицина университетінен шығарылған студенттер қайтадан оқуға қабылданды

  • 533
  • UPD: 20:54, 18.01.2019

Қаңтар айының басында компьютерлік тінтуірлерді рұқсатсыз алып кеткені  үшін үшінші курстың екі студенті оқудан шығып қалған болатын.

Мұндай жаза әлеуметтік желі қолданушыларын дүр сілкіндірді. Осыған орай бүгін университетте брифинг өтті. Онда арнайы құрылған жұмыс тобы мен ректораттың екі жақты келісімі негізінде студенттерге кесілген қатаң жазаның алынып тасталғаны белгілі болды. Дегенмен университет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара қолданған. Ал, бұл жағдайға себеп болған жоғалып кеткен тінтуірлер табылмады, бірақ студенттер оны қалпына келтіруге уәде берді.

Әнуарбек Мұхтарханов, «Нұр Отан» партиясының ОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Шара тым қатал болған деп ойлаймын. Осының бәрін ойластыра келе мәселе оң шешілді. Осымен түсініспеушілік аяқталды деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24