378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Түркияда оқып жүрген қазақ жастары игі бастаманы қолға алды

  • 374
  • UPD: 00:08, 19.01.2019
Түркияда оқып жүрген қазақ жастары игі бастаманы қолға алды

Түбі бір түркі әлемі бір-бірінің әдебиетін жақсы білуі тиіс. Ортақ құндылықты дәріптейтін ғалымдардың еңбектерін әрбір жас санасына сіңіруі қажет.

Осындай мақсатпен Анкарада білім алып жүрген қазақ жастары түркі дүниесінің танымал тұлғаларының туындаларын ай сайын бірігіп оқуды дәстүрге айналдырған. Халықаралық қазақ-түрік университеті көтерген бастама жан-жақты қолдау тауып, рухани шараға қатысушылардың саны артты. Қазақ жастары бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары», Шыңғыс Айтматовтың «Топырақ ана» туындыларымен танысты. Сондай-ақ шара барысында  белгілі қаламгер Құлбек Ергөбектің «Арыстар мен ағыстар» көп томды жинағы мен «Алаштың азапты сапары» кітабынының түрік тіліндегі аудармасы оқылды.

Жемал Шафак, аудармашы:

- Қазақ әдебиеті, соның ішінде халық әдебиетінің бірқатар авторлары мен шығармаларын оқып шықтым. Магистратурада жүргенде Құлбек Ергөбекпен танысқаным есімде. Ғалымның XX ғасырдың ағартушылары туралы жазған кітаптары қызығушылығым жоғары болды. «Алаштың азапты сапары» кітабын 11 жыл бойы аудардым. 2018 жылы оны 1000 данасы басылды.

Телеканал Хабар 24