375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Сингапурлық компания Астанада үздіксіз білім алу орталықтарын құрады

  • 334
Сингапурлық компания Астанада үздіксіз білім алу орталықтарын құрады astana.gov.kz

Астана қаласының әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана қаласының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және сингапурлық «Pegasus Education Group» компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. «Жобаның басты мақсаты – «Астана қаласында үздіксіз білім алу үшін - балабақша - жалпы білім беретін орта мектеп - кәсіби техникалық колледж - білім беру орталықтарын құру».

Бұл жоба сингапурлық білім беру жүйесінде қолданылатын тәжірибенің негізінде жүзеге асырылмақ», - делінген хабарламада. Болжам бойынша бірінші кезеңдегі жалпы инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап,  жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Астана қаласының әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскесі түрінде мемлекеттік несие беру, қажетті инфрақұрылымды құру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жан басына қаржыландыру сияқты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады. Инвестор өз кезегінде жобаны тиісті сипаттамаларына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, шетелдік инвестор Астанада кемінде 200 (екі жүз) орынды балабақша, кемінде 2000 (екі мың) орынды мектеп және кемінде 2000 (екі мың) орынды колледжді ашпақ. Жобаның операциялық қызметінің шеңберінде жалпы педагогикалық қызметкерлердің қазақстандық үлесі кемінде 30% қазақстандық педагог қызметкерлері тартылып, түлектердің халықаралық дипломдар мен/және сертификаттарды алу мүмкіндігі бар халықаралық бағдарламаларды енгізіледі.

«Pegasus Education Group» компаниясы өз қызметін 1986 жылы бастаған болатын. Ол Сингапурда үздіксіз білім берудің жеке білім беру желісін құрды. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20-дан астам білім орталығын басқарады. Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелсе, компания АСЕАН шеңберінде білім беру саласындағы ең үздік жеке компаниялардың бірі болып танылды.

Телеканал Хабар 24