375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қысқы ҰБТ-ның нәтижелері белгілі болды

  • 520
  • UPD: 23:40, 23.01.2019

Қысқы ұлттық бірыңғай тестілеуге 34 мыңнан астам талапкер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында 11 және 12 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер мен шығармашылық мамандығын ауыстыруға ниетті университет шәкірттері бар. Солардың 10 мыңнан астамы шекті деңгейден өте алмаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов хабарлады. Оның айтуынша, сұрақтардың мазмұнына байланысты апелляциялық комиссияға 8 өтініш түскен, оның үшеуі бойынша оң шешім қабылданды.

Айта кетейік, елімізде жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында биылдан бастап тестілеу жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өтеді. Бірден айтайық, білім беру грантының конкурсына маусым айында тапсырылған тестілеу қорытындысымен ғана қатысуға болады.

Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Биыл мектеп бітіретін 150 мыңдай түлегіміз бар. Соның ішінде 30 мыңы осы қаңтарда тапсырды. Біздің болжам бойынша наурыз айында 80 мыңнан кем емес адам тапсырады. Жыл сайын 70 пайыз түлек ҰБТ-ға жазда қатысады. Сондықтан осындай кісі қатысады деп ойлаймыз.

Телеканал Хабар 24