375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Шымкентте жастар арасында «U:hack» идеялар фестивалі өтіп жатыр

  • 400
  • UPD: 22:42, 02.02.2019
Шымкентте жастар арасында «U:hack» идеялар фестивалі өтіп жатыр

Шымкентте «U:hack» идеялар фестивалі өтуде.

Озық ойлы, креативті жастар арасында басталған шараға Қазақстанның бірнеше қаласы мен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 1600-ге тарта жан қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар екі күн бойына «Ақпараттық технологиялар», «Кино және бейне», «Контент және медиа», «Кәсіпкерлік» бағыттарында өздерін көретін болады. Яғни 24 сағат, бір тәулік ішінде идеядан прототипке дейін жобаны жасап, оны әзірлейді. Ал тапсырмаларды байқаудың серіктестері мен ұйымдастырушылары береді. Қатысушылар конкурс талабы бойынша түнде де жұмыс істей алады. Ал шараға елімізде танымал болған түрлі саладағы азаматтар қолдау көрсетіп, өз ойларымен бөліседі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатқан идеялар фестивалінде үздік жобалар таңдалып алынбақ. Ал оған Шымшаһардың белсенді кәсіпкерлері инвестор болуға ниетті.

Ермек Мамыраев, ұйымдастырушы:

- Жалпы фестивальдің басты мақсаты - ол біздің жастардың потенциалын ашу. Осы алаңды жастарға жасап беру. Ары қарай жастармен кәсіпкерлер кездесіп жобалары жүзеге асады. Шымкент қаласындағы көптеген инвесторларды кәсіпкерлерді шақырдық. Ертең жастар ойларын ұсынатын кезде кәсіпкерлер жастардың ойларын тыңдайтын болады. Ұнаған жобасына ұсыныс тастайтын болады. Серіктес болайық деп. Яғни, инвестор болады.

Телеканал Хабар 24