378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Түркістанның іргелі оқу ордасы Түркиямен телекөпір ұйымдастырды

  • 208
  • UPD: 13:29, 13.02.2019
Түркістанның іргелі оқу ордасы Түркиямен телекөпір ұйымдастырды

Түркістан облысында 500 мыңдай жас болса, соның 9 мыңы Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетте білім алады. Аталған оқу орны Түркияның іргелі екі оқу ордасымен тікелей телекөпір ұйымдастырды.

Қазір мұнда 2000-нан астам қазақстандық жас білім алып жүр. Телекөпір барысында бауырлас екі елдің жастары өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.  Тың жобаларын ортаға салып, бірлесіп атқаруға уағдаласты. Жастар жылына орай Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жастарға барынша қолдау көрсетпек. Мәселен, биыл студенттер тамақтанатын асхананың бағасы 40 пайызға арзандаған. Одан бөлек, жастармен жұмыс істейтін клубтардың санын көбейіп, бөлінетін қаржы 3 есеге артты.

Дияс Берікбаев, студент:

-Жалпы қазір сезімім қөте керемет. Телемост арқылы олар бізге өздерінің сезімдерін жеткізіп жатыр. Көптеген жаңа жобалармен таныстық. Ол дегеніміз біздің түркі әлемінің достастығын білдіреді. Одан сайын достығымыз нығаяды.

Болатбек Әбдірәсілов, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры:

-Біздің жастардың идеясымен қолғалынып жатқан шара. Оған біздің Түркияда оқып жатқан магистрантарымыз, доктаранттарымыз қолдау көрсетіп жатыр. Біздің 17 мемлекеттен студенттер оқып жатыр. Оларға да көмек, оларға да жастар жылы үлкен қолдау болып жатыр.

Телеканал Хабар 24