378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алматыда оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауы басталды

  • 306
  • UPD: 15:39, 13.02.2019

Алматыда оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы басталды.

Мұндай зияткерлік сайыстар бірінші кезекте оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыратынын атап өткен жөн. 16 ақпанға дейін жалғасатын «Қазақстан-2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдері» атты ғылыми жобалар байқауы 4 бағыт бойынша өткізіледі.

Бұған дейін мектепаралық, аудандық, облыстық деңгейде өткен білім байқауының қорытынды кезеңіне 625 ғылыми жоба өткен. Республиканың 157 білім ордасынан келген 811 жас зерттеуші қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғамақ.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 12-17 мамыр аралығында Аризона штатының Феникс қаласында өтетін жыл сайынғы Intel ISEF-2019 оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар конкурсына өз жұмыстарын ұсынады.

Авторы: Гүлжан Көленқызы

Телеканал Хабар 24