378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

ҚР БҒМ балалар қылмысымен күресу амалдарын ойлап тапты

  • 275
  • UPD: 15:25, 15.02.2019

Заңбұзушылықтың салдарын көрсету үшін оқушыларды түрмедегі өмірмен таныстыру көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде бар бұл тәжірибе пилоттық жоба ретінде осы жылдан бастап жүзеге асады. Жасөспірімдердің бос уақытын спорт, мәдени демалыс және ғылыми жұмыстармен қамту мақсатында 20 мың ерікті тарту да жоспарда бар. Олар қиын балалармен және аулалық үйірмелерді ұйымдастырумен айналысады. Сондай-ақ биыл шәкірттермен жұмыс істейтін 2 мыңдай психолог дайындалмақ. Ведомство басшысы Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектеп инспекторларын бақылау жүйесі де қолға алынады. Бұдан былай мектеп директорлары инспекторлардың келген-келмегенін белгілеуі тиіс. Сонымен бірге мектепке кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі де жасалды.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Мектеп психологтары және мұғалімдер мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі арасында тікелей байланыс орнады. Бұл оқушылар төбелесі секілді жағымсыз бейнероликтер жарияланған Facebook, YouTube-тарды дер кезінде жабу үшін жасалып отыр. Яғни балалардың бірін-бірі ұрып жүрген видео әлеуметтік желілерде пайда болса, оған бір сағаттың ішінде тосқауыл қою мүмкіндігі пайда болды. Бұрын мұнымен екі апта сенделіп жүретінбіз.

Телеканал Хабар 24