378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Еліміздегі ЖОО арасында робот құрастырудан сайыс өтті

  • 316
  • UPD: 08:59, 16.02.2019
Еліміздегі ЖОО арасында робот құрастырудан сайыс өтті

Алматыда еліміздегі жоғары оқу орындары арасында робототехникадан республикалық чемпионат өтті. Жарысқа Қазақстан университеттерінен 15 команда қатысты.

Студенттер арасындағы турнир биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Роботтардың дизайнына ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы, тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса болғаны. Алдымен кішкентай доптарды биіктігі әртүрлі құбырларға дәл салу керек. Одан кейін зымыранды лақтырып, себетке түсіру қажет. Сайысқа әр команда екі роботтан қосты. Біреуі автоматты түрде өзі қозғалып, барлық тапсырманы өз бетінше орындайды. Екіншісі, пульт арқылы басқарылады. Мамандардың пікірінше, чемпионат жастардың механика, электроника және бағдарлама жазу саласындағы білімдерін шыңдай түседі.

Жасұлан Тілеуберген, чемпионат қатысушысы:

- Бүгінгі жарыстың әсері өте күшті. Себебі жан-жақтан қолдаушылар, адамдар көп келген.  Яғни робототехникадан жарыс Қазақстанда бірінші рет өтсе де оған қызығушылар мен көрермендер өте көп келуде.

Медет Тұрғамбаев, халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры:

- Болашақта біз бұл командалардың арасында ең мықты, жақсы нәтиже көрсеткен балаларды өзімізбен бірге келесі жылдары осы  халықаралық «ABU Robocon» жарысына апарамыз деген ойдамыз.

Телеканал Хабар 24