375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алматыда оқушылар арасында халықаралық сайыс өтіп жатыр

  • 358
  • UPD: 14:50, 16.02.2019
Алматыда оқушылар арасында халықаралық сайыс өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет оқышулар арасында Owlypia/Оулипия/ халықаралық сайысы өтіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі зияткерлік ойынның негізі Лондонда қаланған. А

Алматыда өтіп жатқан аймақтық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 230 оқушы қатысуда. Пәнаралық олимпиада 6 бағыт бойынша өтуде. Өнер және дизайн, экономика және бизнес, әдебиет және мәдениет, нақты ғылым мен технология, әлеуметтік ғылым мен жалпы негіздер бойынша оқушылар командалық құрамда ағылшын тілінде білімдерін сынға салады. Байқау талаптарына сәйкес,қатысушылар пәндік тест тапсырып, эссе жазады. Сондай-ақ көпшілік алдында шешендік шеберлігін көрсетіп, сұрақ-жауапқа қатысады. Үздік командаға Дауос, Сидней, Кембридж, Бостон қалаларының бірінде өтетін финалдық кезеңге шақырту беріледі.

Идаятулла Әдиханов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Біздің негізгі мақсатымыз мемелекетіміздің әртүрлі өңірінен жасөспірім оқушыларымызды осындай ағылшын тілінде өтетін үлкен жобалық жарысқа шақыру арқылы олардың академиялық ойлау қабілетін, дүниетанымын және оқу дағдысын дамытуға үлкен мүмкіндік беретін осындай платформа ұсынады.

Телеканал Хабар 24