375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Таразда «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды

  • 283
  • UPD: 14:52, 19.02.2019
Таразда «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды

Тараз қаласындағы №41 гимназияда «қауіпсіз мектеп» жобасы іске асырылды. Бұл жүйе білім мекемесіне бөгде адамдардың еркін енуіне жол бермейді.

Сондай-ақ электронды құрылғы оқушылар мен мұғалімдердің сабаққа қатысуы, келу және кетуін қадағалауға мүмкіндік береді. Аталған жоба аясында білім ордасына төрт турникет орнатылды. Гимназияның барлық оқушылары мен ұстаздарының жеке сәйкестендіру нөмірі базаға енгізіліп, оларға чипті карталар берілген. Осы арқылы оқушының сабақта болған болмағаны тексеріліп, келіп кеткен уақыты компьютерге тіркеледі. Бұл өз кезегінде мектепте тәртіпті күшейтіп, білім сапасының артуына оң әсерін тигізуде. Сондай-ақ өңірде «Қауіпсіз колледж» жобасы бойынша 5 білім ордасына турникеттер орнатылып, ата-аналар үшін арнайы мобильді қосымша жасалуда.

Гүлназ Өмірқұлова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Біз баланың қашан кіргенін мектепке және оның қашан шыққанын барлығын бақылап отырамыз. Мысалы, сынып жетекшілер олар өз ауысымдағы оқушыларын үйлеріне жібермей өздерінің сабақ саны қанша болғанына қарамастан олар балаларды үйлеріне шығарып салып кету керек. Сол мәселені де ерте кетіп қалды ма мұғалімі бізге мысалы, әкімшілікке қадағалауға өте ыңғайлы.

Телеканал Хабар 24