378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ұстаз: Үштілділік – білім беру үдерісінің басты бағыты

  • 320
  • UPD: 23:09, 28.02.2019
Ұстаз: Үштілділік – білім беру үдерісінің басты бағыты

«Үштілділік нормаларын оқу процесіне енгізу үшін алдымен педагогтарды дайындап алу керек» деген Елбасы ұсынысы сырбойылық ұстаздардың ойынан шығып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Физика, математика, биология, химия және информатикадан ағылшын тілінде сабақ беруге қабілетті мұғалімдердің қысқа емес, толық курстан өткізілуі құптарлық жайт. Сондай-ақ шетелдік мамандарды шақыртып, жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуды өңір педагогтары тез арада бастамақ. Қазіргі таңда жаңартылған бағдарлама бойынша жоғары сынып оқушылары аптасына 5 сағат ағылшын тілінде білім алуда.

Аманғали Жақсатұлы, №3 мектеп гимназия директорының орынбасары:

- Білім саласы «Көш жүре түзеледі» деп ысыра салатын сала емес. Ағылшын тілі ол орыс тілі емес, орта жоқ. Сондықтан 1 жылдық курстарға оқытылса. Мұғалімдерді 1 жыл үзбей оқытса, сонда нәтиже болады. 3 айлық тым асығыстау болады. Елбасының айтып отқаны дұрыс.

Телеканал Хабар 24