389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Астанада 270-тен астам оқушы роботтар сайысына қатысып жатыр

  • 943
  • UPD: 18:38, 02.03.2019
Астанада 270-тен астам оқушы роботтар сайысына қатысып жатыр

Астанада 270-тен астам оқушы роботтар сайысына қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Темірге жан бітірген өнертапқыштар 4 бағыт бойынша бақ сынайды. Жарыс шартына сәйкес қатысушылар өз роботын сынақтан өткізуі керек. Атап айтқанда, бала қиялынан туған құлтемірлер сумо, лабиринт, хакатон, футбол секілді ойындарда өзара мықтыларды анықтайды. Білгірлердің бәсекесі жас буынның ІТ-технологияларды меңгеріп, осы салада тың жаңалықтар ашуына бастама болады, - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бақтияр Ерметов, Kazakhstan Robotics Challenge ұйымдастырушысы:

- Негізі бұл жарыс биыл 4 рет ұйымдастырылып жатыр. 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шыққанда бұны біз тағы дамыттық. Бұрын Білім инновациялары лицейлері арасында өтті. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша жан-жақтан дарын мектептері, жалпы мектептер келіп жатыр. Бүгін 270 оқушы қатысып жатыр. 7 категорияда қатысып жатыр.

 

Телеканал Хабар 24