375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қарағандыда өңірлерден 500-ге жуық тарихшы бас қосты

  • 257
  • UPD: 23:24, 02.03.2019
Қарағандыда өңірлерден 500-ге жуық тарихшы бас қосты

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ауқымды жұмыстар тарихымызды біліп, оны жалпақ әлемге жариялауға мол мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандыда бас қосқан тарихшылар осындай пікірде. Форумға еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық ұстаз қатысты. Олар оқушыларға төл тарихымызды жаңа технологияны қолдана отырып жеткізу, жақсы нәтиже береді деп есептейді. Қазір мұрағат қорындағы құнды құжаттардың көпшілігі электронды жүйеге ауыстырылып жатыр. Бұл ғалымдарға да, оқушыларға да Ұлы даланың өркениетін, оның даму кезеңін тереңінен талдауға таптырмас мүмкіндік.

Ғани Бейсенбаев, Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтар федерациясының вице-президенті:

- Тарих пәнінің мұғалімдері елдің одан әрі дамуына, ұлттың ұлт болып ұйысуына үлкен үлес қосып жатқан бірден бір мамандар деп есептеймін. Осы форумда барлық тарих пәнінің мұғалімдері бас қоса отырып, осы бүкіл өңірдегі ең мықты тарихи жәдігерлер мен фактілерге сүйене отырып, қандай да бір қызықты фактілерді ертең мектеп оқушыларына беруге мүмкіндік алатын ой-пікір алысу алаңына айналып отыр.

Телеканал Хабар 24