378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстандық археологтар Мәскеудегі университетте дәріс оқыды

  • 246
  • UPD: 08:52, 06.03.2019

Қазақстандық археологияның жаңа жетістіктері Мәскеу мемлекекттік университетінің оқу бағдарламасына қосылған. Бұл Берел обаларында біздің ғалымдар ашқан бірегей жаңалықтарына қатысты болып отыр.

Оны тапқан Зейнолла Самашев, пен археолог Әбдеш Төлеубаев Мәскеу мемлекеттік университетінде Ұлы Даладағы сақ мәдениетінің ескерткіштері туралы дәріс оқыған. Қазақстандық археологтардың дәрістері Мәскеуде «Ұлы Дала алтыны» көрмесінің ашылуына орайластырылған.  Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Ол онда табылған аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Осы тоңның нәтижесінде киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.

Зейнолла Самашев, археолог:

- Ең мықты былтырғы жылғы табыстарымыз, соларды көрсетейік деп отырмыз. Оларға әрине қызықты, өткені Еуразияның дәл кіндік орталығында табылған керемет құнды заттарды өз көздерімен көріп, мынау Москвада болып жатқан көрмеде, содан кейін мынау кафедрада солар туралы әңгіме болды. Бұл өзі біз үшін де тиімді, жергілікті ғалымдар мен мұғалімдер, студенттер үшін өте тиімді.

Анатолий Канторович, ММУ Археология кафедрасының меңгерушісі: 

- Бұл өте құнды ғылыми жаңалықтар, ең алдымен он бірінші Берел қорғаны. Жалпы бар обалары қызық, бірақ он бірінші қорғанның орны бөлек. Бұл ақсүйек жерленген оба, онымен бірге аттарын да көмген, скиф-сібір аң стилінде жасалған керемет жәдігерлер бар. Студенттеріміз бірінші курстан бастап Зейнолла Самашев тапқан жаңалықтарын зерттей бастайды. Бұл - Қазақстан археологиясының үлкен жетістігі.

Телеканал Хабар 24