384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Кореялық оқытушылар еліміздегі ең ірі медициналық ЖОО-да сабақ береді

  • 672
  • UPD: 13:43, 18.03.2019
Кореялық оқытушылар еліміздегі ең ірі медициналық ЖОО-да сабақ береді

Оңтүстік кореялық оқытушылар Қазақстанның ең ірі медициналық жоғарғы оқу орынында сабақ береді.

Сеулде өткен форумда  екі ел дәрігерлері осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде оңалту кафедрасын ашу мәселесі қарастырылуда. Онда студенттер корейлік дәстүрлі медицина бойынша білім алады. Сондай-ақ, оңтүстіккореялық тәжірибені ескере отырып медициналық университетті ірі кешенге айналдыру жоспарда бар. Кешенде дәрігерлерді дайындаумен бірге емдеу шаралары және ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Бұдан бөлек университет жанынан аурухана салу көзделген. Оңтүстіккореялық компаниялар жобаға қызығушылық танытып отыр.

Бауыржан Жүсіпов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры:

- Ауруханалар бір жерде орналасса оларды басқару жеңіл болады. Сондықтан келесі қадамымыз ірі университеттік аурухана салу. Қазір корейлік әріптестермен бірге медициналық университеттерде оңалту кафедраларын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Телеканал Хабар 24