384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Музыка ірімшіктің дәмі мен иісіне әсер етеді – Ғалымдар

  • 648
  • UPD: 14:38, 18.03.2019
Музыка ірімшіктің дәмі мен иісіне әсер етеді – Ғалымдар

Мұндай шешімге ерекше тәжірибе нәтижесін бағалаған ғалымдар келіп отыр. Ерекше эксперимент арқылы Бит Вамфлер есімді швейцариялық ірімшік қайнатушы ірімшіктің дәмі мен иісіне музыканың қаншалықты әсер ететінін анықтауға тырысқан.

Ол үшін зерттеу барысында хип-хоп, классика, рок жанрларындағы музыкалық шығармалар қолданған. Сондай-ақ жылдам әрі баяу электронды музыканың да әсерін анықтаған. Тәжірибе соңында қазылар алқасы әр сырдың дәмі мен иісін салыстырып, әрқайсысының өзіндік иісі мен дәмі бар деген тұжырымға келді.

Питер Краут, қазылар алқасының мүшесі:

- Хип-хоп музыкасы әсер еткен ірімшік тәтті екені байқалады. Ал жоғары жиілікті дыбыстың тигізген әсерінен ірімшіктің басқа бір түрінің дәмі ащы әрі өткір иісті болып шықты.

Телеканал Хабар 24