378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ұлыбританияда қазақстандық жас ғалымдардың жобалары таныстырылды

  • 265
  • UPD: 23:20, 21.03.2019

Жоғарыжылдамдықты пойыздарға арналған аккумуляторлар және бақбақтан каучук жасау жобасы.

Ұлыбританияда тұрақты даму және инновация бойынша екінші Орталықазиялық форум өтіп онда қазақстандық жас ғалымдардың жобалары таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Шара студенттерге отандық және британиялық мемлекеттік органдар, сондай-ақ бизнес-құрылымдармен әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Форумның ең жас спикері Санжар Тайжан – Warwick Hyperloop жобасының негізін қалаушы әрі жетекшісі. 21 жасында ол жоғарыжылдамдықты пойыздарға арналған аккумуляторлар жобалау бойынша команда жасақтаған және оның еңбегі Ұлыбритания бакалавларының зерттеулері арасында «Ең үздік инновация» болып танылған. Осы еңбегі арқасында Санжар американдық венчурлық кәсіпкердің назарына ілінді.

Санжар Тайжан, Warwick University-нің студенті:

- Илон Маск ұйымдастырған байқауда біздің жоба 1600 үміткер арасында үздік елулікке енді. Бүгінде британиялық және қазақстандық тарап біздің еңбегімізге қызығушылық танытып отыр. Осы шараның арқасында мен жаңа байланыстар орната алдым.

Химия, жаңа материалдарды дайындау, ауылшаруашылық саласын дамыту жобаларына сарапшылар жоғары баға берді. Зиялы қауым өкілдері, қос мемлекеттің дипломаттары мен британиялық парламент мүшелері жас ғалымдардың жұмысын  саралай келе олардың Қазақстан халқы өмір сапасын арттыруға бағытталғандығына шүбә келтірмеді.  

Роберт Аллисон, Loughborough University-нің ректоры:

- Мен Қазақстанда болғанымда кейбір зерттеулерге ерекше тәнті болдым. Әлемде қайсыбір ғылыми еңбек болмасын ынтымақтастық пен әріптестікке негізделеді. Әсіресе халықаралық зерттеу орталықтарымен. Біз әрі қарай қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. 

Сәуір айының басында форум Қазақстан астанасында жалғасын табады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында оның екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы оған  қазақстандық жоғары оқу орындары докторанттары қатысады.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Бейбіт Мәдиұлы

Телеканал Хабар 24