377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Үш тілді білім берудегі еліміздің тәжірибесі Татарстанда қолданылмақ

  • 219
  • UPD: 16:08, 05.04.2019
Үш тілді білім берудегі еліміздің тәжірибесі Татарстанда қолданылмақ

Биыл осы мақсатта аталған елде екі білім беру мекемесі ашылады.

Бұл туралы Татарстанның Қазақстандағы өкілетті өкілі Денис Валеев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен болған кездесуде мәлімдеді. Бұдан бөлек тараптар екіжақты байланысты нығайту, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау сияқты мәселелерді талқылады. Айта кетейік, биыл екі елдің өкілдері қатысатын бірқатар шаралар өтеді. Соның бірі мамыр айына жоспарланған Сабантой. Оған Татарстан президенті қатысады деп күтіледі.         

Денис Валеев, Татарстан республикасының қазақстандағы өкілетті өкілі:

- Біз Ресей федерациясының құрамындағы республика болған соң үш тілді мектептер мәселесіне ерекше мән береміз. Бұл мектептерде балалар ана тілдерінен бөлек орыс және ағылшын тілдерін меңгереді. Біздің тұңғыш президентіміз осы мәселега қатысты сіздердің республикаларыңыздағы жағдайды жіті бақылап отыр. Қазақстан Татарстанға өте ұқсас мемлекет, бізге бауырлас халық. Біздің ұлттың өкілдері Қазақстанның дамуына еңбек етіп жүр.

Телеканал Хабар 24