379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар облысында білім берудің озық тәжірибесі мен өзіндік бай дәстүрі қалыптасқан

  • 133
  • UPD: 19:40, 06.04.2019

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ертіс өңіріндегі ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берді.

Ол екі күнге жалғасқан сапары барысында Тереңкөл ауданындағы мектептерді аралады. Бұдан бөлек оқушылар сарайы мен Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжге,  «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне барды. Оқушылар сарайында министр білім беру саласын цифрландыру ісімен және технопарктің жұмысымен танысты. Бүгінде Павлодардағы оқушылар сарайына 3700 бала барады. Ұстаздармен кездесуде Білім және ғылым министрі өңірлерді аралаудағы негізгі мақсат Nur Otan партиясының 18-съезінде жүктелген әлеуметтік саладағы жаңашылдықтарды халыққа түсіндіру екенін жеткізді.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Қазақстанның білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан барлық реформаларды аяғына дейін жеткізу тапсырмасы берілді. Білім беру жүйесінде еңбекақыға 30 процент  сараланған мөлшерлеме  қосылады. Бұл бірінші кезекте техникалық және   басқа санаттағы қызметкерлердің жалақысы өседі. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен есеп күтіп отырмыз.  Дайын болуына қарай беріледі.

Телеканал Хабар 24