379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Солтүстік қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа сұрпын шығарды

  • 153
  • UPD: 08:03, 14.04.2019

Қазір тәжірибелік станция қызметкерлері оны мемлекеттік комиссияның сынағына жіберді.

Мамандар дәнді дақылға «Семеновна» деген атау беріп отыр. Ольга Гаас ауыл шаруашылығы саласында жарты ғасыр еңбек етіп, осы сұрыпты дүниеге әкелген жандардың бірі.

Зертханашылар былтырғы бидайды бастырып жатыр. Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы. Былтыр ғалымдар дәнді дақылдың жаңа сұрпын шығарды. Қазір ол сынақтан өткізіліп жатыр.

Белгібай Қанафин, ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры:

- Сынақтан өткесін оған сұраныс көп болады. Ерте пісетін бидай. Сапа, өнімділігі көрсеткіші биігірек. Осы жұмысты ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан Ольга Семеновна Гаас. Сол кісінің атын қоямыз деп болжап отырмыз.

- Поедем на сортоучасток посмотрим, а я ещё подойду, если будет хорошо выглядеть, скажу, это я, Семёновна

Ольга Семеновна деген осы кісі. Оның еңбек кітапшасында бір ғана жазу бар. Ауыл шаруашылығы маманы өмірінің 50 жылын тәжірибе стансасына арнады. Қазір зейнетте. Қалада тұрады. «Сұрып шығару көпшілік ойлағандай оңай емес», - дейді ол.

Ольга Гаас, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

- Біз шығарған сұрып қуаңшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары әрі тез піседі. Бұл солтүстіктің ауа райына бейім бидай. Өйткені, біздің облыста егістіктің нақты мерзімі бар. Ол орындалмаса, өнім сапасын жоғалтады.

Майталман маман қалада тұрса да, ауылын аңсайды. Қазір мұнда көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың қызған шағы. Егін егуге техникалар жөнделіп жатыр.

Александр Ланг, машина-трактор шеберханасының меңгерушісі:

- Ауыл шаруашылығында жұмыс жоқ деген болмайды. Сынып қалған техникаларды егістікке шығару керек. Әйтпесе, науқан созылып кетуі мүмкін.

Тәжірибе стансасы 5 мың тонна элиталық тұқым дайындады. Мамандар биылғы егістік науқанына да болжам жасады. Олардың айтуынша, қазір топырақтың ылғалдылығы 150-180 мм. Енді оны уақытында жауып, ырыс дәнін себу керек.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Телеканал Хабар 24