378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ тоқтатылды

  • 382
  • UPD: 18:16, 18.04.2019

Шығыс Қазақстанда сынап бағанасы -2, -5  кейбір жерлерде -8 градусқа дейін төмендеп, қар жауып тұр.

Сонымен қатар екпінді жел тұрып,боран соғуда. Осыған байланысты Семей мен Өскеменнің мектептерінде сабақ тоқтатылды. Жауын-шашын салдарынан жол қатынасы да қиындай бастады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Өскемен -Алтай тас жолы көктайғаққа орай жабылды. Синоптиктер бұған дейін өңірде күн суытып, соңы қарға ұласатыны жайлы ескерткен болатын.  «Ауа райындағы бұл қолайсыздық  суық арктикалық ауа фронтының өтуіне орай  болып жатыр» дейді мамандар. Дегенмен, сәуір, мамыр айларында қар жаууы  аймақ үшін ерекше құбылыс емес.  Қазгидромет өкілдері бұндай жайсыз  күн райы әлі  2-3 күнге дейін жалғасады деп болжап отыр.

Аяулы  Мусина, Қазгидромет РМК ОФ бөлім бастығы:

- Бүгінгі түні таулы аймақта қар,қар аралас жаңбыр әлі де сақталады,тұман түсетін болады. Түнде 12 градус аязға дейін төмендейді, облысымыздың кейбір аймағында.

Телеканал Хабар 24