378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


БҚО-ның оқу орындарында жемқорлық азамай тұр

  • 293
  • UPD: 22:20, 19.04.2019

Батыс Қазақстандағы оқу орындарында жемқорлық азаймай тұр.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тақауда жүргізген сауалнамасы осыны айғақтады. Оған 4 жоғары және 19 орта арнаулы оқу орнының 2 мыңнан аса студенті қатысқан. Олардың үштен бірі параны өздері ұсынатынын айтыпты. Осыдан кейін департамент басшылығы оқытушылар және шәкірттермен кездесіп, келеңсіз құбылыстың себеп-салдарын анықтауға кіріскен.

Біржан Хайруллин, облыстық МҚІЖСЖҚІҚ департаментінің бөлім басшысы:

- Қатысқан адамдардың 30 пайызы жемқорлық фактілері кездесті деп атап өткен еді. Тіпті кейбірі ақшаның құнын салған, 5 мыңнан 20 мыңға дейін, тіпті 200 мыңға дейін пара беру фактілері болды деп. Болмаса кондитерлік өнімдер түрінде  бердік деген бар. Оның ішінде көп кездесетін жемқорлық фактілері зачет тапсыру, емтихан уақыттарында, сонымен қатар жатақханадан бөлме беру кезінде, не болмаса дипломдық жұмыстарды қорғау уақытында кездесетінін атап өткен.

Телеканал Хабар 24