378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ЕҰУ-дағы конференцияда қоғамның дамуына қатысты тұжырымдар жасалды

  • 328
  • UPD: 22:38, 19.04.2019
ЕҰУ-дағы конференцияда қоғамның дамуына қатысты тұжырымдар жасалды

Жастардың сана-сезімін жетілдіріп, келешекке деген ынта-ықыласын арттыру үшін еліміздің құқықтық негізін дамыту керек.

Бұл ретте өткен ғасыр басында құрылған Алаш бағдарламасы тиімді әдіс құралы болуы мүмкін. Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда осындай пікір айтылды. «Қазақстан Республикасындағы Президент институты - тұрақты даму кепілі» атты ғылыми-практикалық кеңесте оқытушы-профессорлар тарапынан қоғам дамуы мен тұрақтылығына қатысты бірнеше тұжырым жасалды. Ғалымдардың айтуынша, тәуелсіздік жылдары президенттік институт өзінің тиімділігін дәлелдеген.

«Дегенмен, алдағы уақытта оған қандай да бір өзгеріс енгізілетін болса, жаңашыл идеяны батыстан емес, Алаш зиялыларының еңбектерінен іздеу керек» дейді конференцияға қатысушылар.

Жамаладен Ибрагимов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы:

- Алаш зиялылары дегенде біз көбіне мәдениет, тіл, әдебиет, қазақ газеті, айқап деген пікірлерді ғана айтамыз. Ал мемлекеттің дамуы, құқықтық дамуы, мемлекеттің заңдық белгінің дамуы, президенттік институттың дамуы кезіндегі пікірлер айтылмайды. Қазіргі кезде бізге керегі, мемлекетшілдік, мемлекетті сүю, адал қызмет ету. Осы идеялар Алаш ұстанымдарында жазылған. Бұны Тұңғыш Президент айтып өткен.

Телеканал Хабар 24