378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбеде 4 ұлттың тілін үйрететін жексенбілік мектеп жұмыс істеп тұр

  • 265
  • UPD: 11:06, 29.04.2019
Ақтөбеде 4 ұлттың тілін үйрететін жексенбілік мектеп жұмыс істеп тұр

Мектепте 200-ден астам өзге ұлт өкілі  ана тілінде білім алады. Одан бөлек Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы жанында қазақ тілін үйрететін курс бар.

Оқытушылардың айтуынша, мемлекеттік тілді меңгергісі келетін ниеттілер көп. Жылына 500-ден астам өзге ұлт өкілі тіл сындырып, арнайы сертификат алады. Ассамблеяның қолдауымен ашылған Достық үйінде 19 этномәдени бірлестік бар. Олардың әрқайсы төл мәдениетін дамытып, ұлттық құндылықтарын сақтауға мүмкіндік алған. Мұндағы музейде әр ұлтқа бір бұрыш арналған. Онда қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдері мен тарихи жәдігерлері қойылған. Жалпы өңірде 88 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Достық үйлері облыстың бірнеше ауданында ашылған.

Бақытгүл Сынабаева, облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ директоры:

- Бұл мектептерде біздің әзербайжан бауырлар, татарлар, кәрістер украиндер өздерінің ана тілдерінде білім алады. Тек мектеп қабырғасында білім алып қана қоймай, олар республикалық, облыстық қоғамдық шараларға қатысады. Облыста өтетін шараларға өз үлестерін қосады. Мақсаты әр ұлт өзінің ана тілін білуге міндетті.

Телеканал Хабар 24