378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«World Skills» жеңімпаздары қостанайлық автозауытта тәжірибелерін шыңдап жатыр

  • 289
  • UPD: 23:17, 30.04.2019
«World Skills» жеңімпаздары қостанайлық автозауытта тәжірибелерін шыңдап жатыр

Жұмысшы мамандығының беделін арттыруға негізделген республикалық «World Skills» (Уорлд Скиллс) байқауының жеңімпаздары қостанайлық автозауытта тәжірибелерін шыңдап жатыр.

«Шанақ жөндеу ісі» аталымында үздік шыққан көкшетаулық студент үшін кәсіпорында арнайы полигон құрылған. Жас шебер тәлімгерімен бірге өндіріс орнында білімін жетілдіріліп, халықаралық чемпионатқа тыңғылықты дайындалады. Ол маусым айында Ресейдің Қазан қаласында ел намысын қорғайды. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының автоқұрастырушылары да зауыт алаңында шеберліктерін ұштай алады.

Болат батаев, өндірістік оқыту шебері:

- Мұнда бүкіл дәнекерлеу жұмыстарымен, геометриямен бүкілі жабдықталған. Металл түзету жағынан, сосын шанақтың геометриясын қою, саңылау қою, жылтыратуы, бояуы бар. Бүкіл жағдай жасалған.

Телеканал Хабар 24