378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


БҒМ Ақмола облысында жалпыұлттық ата-аналар жиналысына қатысты

  • 136
  • UPD: 23:05, 15.05.2019

Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданында ата-аналардың жалпыұлттық жиналысын өткізді.

Халықаралық отбасы күніне орайластырылған шараға ведомство басшысы Күләш Шәмшидинова да қатысты. 

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы Бозайғыр орта мектебінің оқушылары ұйымдастырған шағын көрмеден басталды. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова балалардың жетістіктерімен танысып, ауылдардағы білім саласы мәселелері тоқталып өтті.

Күләш Шәмшідинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Елді мекендердегі шешілмей келе жатқан өзекті мәселелер бұл апаттық ғимараттар мен 3 ауысымда оқитын мектептер бар. Кәз мысалы 128 мектеп бар. Міне сол мектептердің проблемасын шешу керек. Осы 3 жылдың ішінде республика бойынша 190 мектеп салынады. Әліппені қайтарамыз әрине, бірақ мен Ақтөбеде де айтқан болатынмын. Ол биылғы келе жатқан оқу жылында үлгермейміз, себебі оқулық дайындау үшін көп уақыт кетеді. Сондықтан келесі жылы, 2020-жылдан бастап жұмыс істейміз.

Жиналыста отбасылық құндылықтарға баса мән беру керектігі айтылды. Мектеп, оқушы, ата-ана қағидатынан ажырамау жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарына да жауап алды.

Күләш Шәмшідинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Әке менен ананың ролі бала үшін өте жоғары. Әрине ата-ана бақылаушы да болады. Ата-ана қамқоршы да болады. Мен бүгін ата-аналарға айтар едім, қамқоршы болыңыздар. Балаларыңызды мектепке үлкен құрметпен шығарып салыңыздар.

Айта кетейік, Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының Бозайғыр мектебінде 610 бала 2 ауысымда оқиды. Алдағы уақытта ауыл халқының саны арту ықтималдылығына байланысты мектеп 3 ауысымға көшуі мүмкін дейді ата-аналар.

Сымбат Тұрымбетова, ата-ана:

- Менің 3 балам осы мектепте оқиды. Алла жазса, биылғы жылы кенжеміз мектепке келеді 4 баламыз. Көпбалалы анамын. Алдағы жылдары біздің мектеп 3 ауысымға көшейік деп жатырмыз. Өйткені бала саны көбейіп жатыр жылдан жылға, соған енді үміттенеміз бізге мектеп салып береді деп жаңадан.

Еске салайық, тәуелсіздік жылдары елімізде жалпы 668 мың орындық 1672 мектеп салынған болатын.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ермек Кеншімбек

Телеканал Хабар 24