384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Күнделік» мобильді қосымшасында қандай ақпараттар ақылы болады?

  • 196
  • UPD: 15:00, 28.11.2019
«Күнделік» мобильді қосымшасында қандай ақпараттар ақылы болады?

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазды ҚазАқпарат.

«Толықтай алғанда ақпарат алу бөлігіндегі қызметтер тегін. Бірақ, мобильді қосымша арқылы ақпарат, оның ішінде рейтинг, сараптама, салыстыру мәліметтер қажет болса, онда ата-ана министрлік пен қызмет көрсетуші арасындағы келісімшартқа сәйкес төлем жасауы қажет», – деді министр Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сұрағына орай. Осы орайда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев министрдің мұндай жауабына наразылық білдірді.

«Конституцияда тегін орта білімге кепілдік берілген. Ал ол жерде оқушының үлгеріміне қатысты ақпараттарды алғаны үшін ана-аналарға ақылы қызмет енгізілген», – деді А.Перуашев. Министр оқушының бағасына қатысты мәліметтердің тегін, ал сараптамаға, салыстыру мен рейтингке қатысты мәліметтердің ақылы екендігін тағы қайталады. «Сіздерде үлгерімге, пегагогтің кеңесіне қатысты ақпараттар мобильді құрылғы арқылы ақылы болып тұр. Ата-ана педагогтың кеңесін көре алмаса, онда баласының үлгерімін қалай қадағалайды?», – дейді А.Перуашев.

Телеканал Хабар 24