420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оқулықтардың сапасын тексеретін сараптама жүйесі қайта құрылды

  • 207
Оқулықтардың сапасын тексеретін сараптама жүйесі қайта құрылды

Енді сарапшылар іріктеуден өтеді. Содан соң арнайы курс оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқулықтардағы ұлттық құндылықтар мен менталитетке қатысты ақпараттар мамандардың сүзгісінен өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ оқулықтағы қателіктерді ашық талқылауға мүмкіндік жасалды. Қоғамдық сарапшылар платформасы құрылып, телеграмм канал ашылды. Енді ата-аналар кез келген уақытта өз ойын айтып, талап-тілегін жеткізе алады. Ал мұғалімдердің тікелей кітап авторына шығып, сауалын қоюға мүмкіндігі бар. Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әдебиет пен тарих оқулықтарының мазмұнына қатысты түйткілді мәселелер бар.

Мысалы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ортақ оқулық болуы керек деген ұсыныс айтылып жатыр. Сондай-ақ әдебиетке біраз классиктің шығармалары енбей қалған. Осы орайда жұмыс тобы құрылып, сараптама жүргізіледі.

Телеканал Хабар 24