375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алдағы күндері елордада ауа райы қандай болады?

  • 591
  • UPD: 12:59, 24.12.2018
Алдағы күндері елордада ауа райы қандай болады?

Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада -17 градус шамасында суық болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі, 24 желтоқсанда Қазақстанның бас қаласында күн райы құбылмалы болады, қар жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -26...-28 °С, күндіз -20...-22 °С.

«25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -30...-32 °С, күндіз -20...-22 °С көрсететін болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында. Сәрсенбі 26 желтоқсанда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы -27...-29 °С, күндіз -17...-19 °С құрамақ.

astana.gov.kz

Телеканал Хабар 24