378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күні өзгертілді

  • 854
  • UPD: 16:52, 29.12.2018
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күні өзгертілді regnum.ru

Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі күнгі демалысты 10 мамырға ауыстырды.

Үкіметтің № 888 қаулысы 2018 жылдың 26 желтоқсанында қабылданды. Осылайша, қазақстандықтар Жеңіс күніне орай, 9 мамырдан (бейсенбі) 12 мамырға (жексенбі) дейін демалады.

Айта кетейік, келесі жылы барлығы 119 демалыс күні бар. 2019 жыл әдеттегідей жаңажылдық 4 демалыс күнінен басталады: 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, еліміздегі Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ал Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 кантар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Республика күні (25 казан). Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Телеканал Хабар 24