375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін – ТЖД

  • 713
  • UPD: 15:28, 02.01.2019
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін – ТЖД

Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Құзырлы органның хабарлауынша, қаңтардың 3-5 аралығында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тауда қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға серуендеуді кейінге қалдыруға кеңес береміз», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. 

Қазгидромет РМК жақын күндері Қазақстанның басым территориясында жауын-шашын түседі деп болжам жасап отыр. Алматы облысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. 3 қаңтардан бастап ауа температурасы күндіз -1 мен - 4, түнде -7 болмақ.

Телеканал Хабар 24