378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жамбыл және Қостанай облыстарында жел күшейіп, көктайғақ болады

  • 412
  • UPD: 13:15, 14.01.2019
Жамбыл және Қостанай облыстарында жел күшейіп, көктайғақ болады

Синоптиктер алдағы екі күнде Жамбыл және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша бұл екі облыста жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.

15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, 15 күндіз және 16 қаңтарда түнде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Тараз қаласында 15 күндіз, 16 қаңтарда түнде оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман болады.

Жақын арада және 14 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Телеканал Хабар 24