389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО аудандарындағы бірнеше мектепте сабақ уақытша тоқтатылды

  • 682
  • UPD: 10:23, 21.01.2019
ШҚО аудандарындағы бірнеше мектепте сабақ уақытша тоқтатылды Vtambove.ru

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында боран соғып, жолдар жабылып жатса, солтүстігінде сарышұнақ аяз кәріне мініп тұр.

Өткен түнде Қатонқарағай, Көкпекті және Алтай аудандарында ауа температурасы -25 -28 градусқа жетті. Сондықтан бүгін Алтай ауданында бірінші ауысымда оқитын бастауыш сыныптарда сабақ уақытша тоқтатылды. Дегенмен аймақтық ауа райын болжау орталығы алдағы тәуліктерде күннің біртіндеп жылынатынын хабарлады. Бораннан соң қар жаууы да мүмкін. Ал «Қазселден қорғау» мекемесі өңірдегі кейбір таулы аудандарда қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертті.

Телеканал Хабар 24