378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

«Алматы - Өскемен» тасжолы ашылды

  • 325
  • UPD: 14:48, 21.01.2019
«Алматы - Өскемен» тасжолы ашылды glavred.info

Алматы - Өскемен республикалық тасжолының бойында 700-ге жуық адам құтқарылды.

Олжас Керейхан, тілші:

– Алматы – Өскемен республикалық тасжолы ашылды. Әзірше бір бағыты. Дегенмен әлі де 80-ге жуық автокөлік әлі де қарға кептеліп түр. Сондықтан Аягөз-Таскескен аралығындағы жолды «Қазавтожол» мекемесінің 9 техникасы қардан тазалап жатыр. Ал кешелі бері жолда қалған 80 автобус бүгін Аягөз қаласына жеткізілді. Жалпы соңғы екі тәулікте 700 адам құтқарылып, олар түрлі әлеуметтік мекемелердің ғимарттарына орналастырылды. Сондай-ақ Таскескен ауылындағы жеке отбасылар жолда қалған 60-қа жуық отбасын қабылдап, көмек көрсетті. Ал құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар қызметінің барлық құрылымдарынан 41 техника мен 100 маман жұмылдырылды.

Нұржан Жұмәділов, облыстық автокөлік жолдары  басқармасының басшысы:

– Төрт қатар немесе көлделеңдеп тұрған көліктер саны өте көп болды. Жолдағы қалың қар қиындық туғызды. Бірақ қазір жолдың бәрі ашылды. Жолда қалған адамдар эвакуацияланды.

Телеканал Хабар 24